СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 36 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Аймақтағы денсаулық сақтау саласында соңғы үш жыл ішінде 36 нысан пайдалануға берілген.
– Биыл денсаулық сақтау саласында 14 нысанның құрылысын жүргізуге қаржы бөлінген болатын. Олардың екеуі, яғни Қызылорда қаласындағы 200 орындық облыстық балалар ауруханасы мен Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылындағы дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қалған 11 нысан жыл аяғына дейін аяқталуы тиіс. Олар Жаңақорғандағы 250 орындық аудандық емханана және 10 дәрігерлік амбулатория, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.
Айта кетейік, келесі жылы Арал, Қазалы аудандарындағы орталық аурухананың құрылысын бастау жоспарланып отыр. Оған бюджеттен 400 млн теңге бөлінген.
Фариза ОМАРОВА
Айта кетейік, келесі жылы Арал, Қазалы аудандарындағы орталық аурухананың құрылысын бастау жоспарланып отыр. Оған бюджеттен 400 млн теңге бөлінген.
Фариза ОМАРОВА