ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАҒА АРНАЛҒАН ПОШТАЛЫҚ МАРКАЛАР ШЫҒАРЫЛДЫ
«Қазпочта» АҚ және Универсиада Дирекциясы өзара серіктестік пен «Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада» тақырыбындағы арнайы пошталық марканың айналымға енгізілгенін хабарлайды, деп хабарлайды «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі.
Маркаға мөр басу салтанаты бүгін Универсиаданың «Алматы Арена» ғимаратында өтті. Іс-шара барысында «EMS-Kazpost» 2017 жылғы Универсиаданың ресми курьері болатындығы жарияланды.
Маркаға мөр басу салтанатына Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу дирекциясы директорының орынбасары Қайрат Биекенов пен «Қазпочта» АҚ-ның «EMS-Kazpost» филиалы директоры Еркінбек Досқожанов қатысты.
«Бүгін біз 2017 жылдың Дүниежүзілік қысқы Универсиадасының ресми курьері «Қазпочта» АҚ-ның «EMS-Kazpost» филиалы болғанын хабарлаймыз. Дирекциямыздың корреспонденциясын әлем бойынша ғана емес, сонымен қатар еліміздің кез-келген мекеніне жеткізе алатын компанияны таңдау біз үшін өте маңызды. «EMS-Kazpost» қызметі біздің алдымызға қойған мақсаттарымызға сәйкес келеді. Сонымен қатар, бұл компания эстафета алауына керекті ірі жүкті тасымалдайды. «Қазпочтамен» серіктестіктің нәтижесінде, бүгін біз Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға арналып шығарылған пошталық маркаларға мөр басу салтанатының куәсі болып отырмыз. Айрықша іс-шараларға орай арнайы марка шығару, сол іс-шараның ел үшін маңыздылығын көрсетеді» - деді Универсиада Дирекциясы директорының орынбасары Қайрат Биекенов.
«Біз 2017-жылғы Универсиаданың ресми курьері болу ұсынысын қуана қабылдадық. Спорт - қозғалыс, жылдамдық және еңбекқорлық. Біздің қызметкерлеріміз сәлемдемелерді сапалы және барынша тез жеткізуге тырысып, талап үдесінен шығуға тырысады.
Серіктестік аясындағы жұмыстар барысында біз шет мемлекеттерге 1000-нан астам сәлемдеме жеткізіп, ал Қазақстан бойынша 10 тонна шамасында ірі габаритті жүк тасымалдаймыз. Сонымен қатар, біз тауарлар мен басқа да құндылықтарды сақтауға арналған 500 шаршы метрлік қойманы пайдалануға береміз» - деген «Қазпочта» АҚ-ның «EMS-Kazpost» филиалы директоры Еркінбек Досқожанов алда атқарылар жұмыс ьбарысын баян етті.
«Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежузілік қысқы Универсиада» тақырыбындағы «Спорт» топтамасындағы пошталық блоктың маркасы 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған, перфорациясы жақтаулы. Блоктың өлшемі 90 х 100 мм. Марканың өлшемі 28 х 40 мм. Таралымы – 7 500 блок. Суретші К. Плужникова. Белгіленген бағасы 300 теңге. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.