МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНДА НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ҚҰРЫЛДЫ
Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емхананың базасында инсультпен ауырған науқастарға нейрореабилитациялық орталық ашылды, деп мәлімдеді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.
Оның айтуынша Қазалы теміржол ауруханасында 15 орындық нейрореабилитациялық бөлімі бар ІІ деңгейлі инсульттық орталық ашылған. Орталық Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына да қызмет көрсетіп келеді.
«Аймағымыздағы барлық медицина ұйымдарында науқастарды қолдау қызметтері құрылды. Халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылату мен ұзын-сонар кезекті болдырмау мақсатында БМСК ұйымдарындағы тіркеу бөлімінің жұмысы оңтайландырылды. Осы жылдың ақпан айында алғаш рет Emdeu.kz бірыңғай ақпараттық платформасы құрылып, Call-центр қызметінің аясы кеңейе түсті. Оған бюджеттен 5 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл жүйе интернет, телефонды қолданып қажетті дәрігерге жазылуға немесе үйде отырып-ақ дәрігерді шақыруға мүмкіндік береді», - дейді басқарма басшысы.
Фариза ОМАРОВА