АЙМАҚТА 29 МЫҢ ГЕКТАР СУАРМАЛЫ ЖЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛМЕК
Суармалы және лианды суармалы жерлерді қалпына келтіруге 295 млрд. теңге қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақпарат»
- 610 мың гектардың әрбір метр, әрбір шақырымын, арықтарын, ондағы су құрылғыларының барлығын түгендеуден өткізіп, жобалық қаржысын есептеп шығардық. 277 млрд. теңге қажет. Бұл есеп 2016 жылғы 1 қаңтардағы бағамен алынған. Мұнан бөлек, лиманды жерлерді қалпына келтіруге 17 млрд. қажет. Сонда барлығы 295 млрд. теңге қажет деп отырмыз. 1 гектар жерді қайта қалпына келтіруге 455 мың теңге қажет болады. Ал лиманды суармалы жерлерді қалпына келтіруге 1 гектарына 48 мың теңге қаржы жұмсалады, - деді комитет төрағасы.
Жоба қаражаты Ислам даму банкі, Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарынан тартылады. Комитет төрағасының айтуынша қаражатты диқандардың аяқ суға төлемі арқылы қайтару жоспарлануда.
Айта кетейік, ҚР-дың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 610 мың гектар тұрақты суарылатын жердің ирригациялық жүйесін қалпына келтіру жоспарланған. Оның ішінде Алматы, ОҚО, ШҚО, Жамбыл, Павлодар, Ақтөбе, СҚО, Атырау облыстарымен қатар Сыр өңірінде де 29 мың гектар суармалы алқап қалпына келтіріледі.