ОҢТҮСТІК ПОЛЮСТЕ ҚАЗАҚСТАН ТУЫ ТІГІЛЕДІ
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Антарктиданың ең биік нүктесіне Қазақстанның туы тігіледі, деп хабарлайды www.24.kz.
Ғылыми зерттеу экспедициясы 1 желтоқсан күні сапарға шыққан. Жас ғалымдар мен спортшылардан құралған экспедиция мұз құрсауында жатқан Антарктиданың 200 шақырымын шаңғымен жүріп өтуді жоспарлап отыр. Ондағы мақсат – оңтүстік полюс экожүйесіндегі органикалық пестицидтер мен микроағзалардың алуан түрін анықтау. Сонымен қатар экспедиция мүшелері 16 желтоқсан күні оңтүстік полюстегі ең биік нүкте Винсон шыңына Қазақстан туын тігеді.
- Винсон шыңы альпинистердің «7 шың, екі полюс» атты арнайы бағдарламасына кіреді. Осы уақытқа дейін ешбір қазақстандық осы жоба бойынша жүріп өтпеген. Енді біздің географиялық қоғамның арқасында біз сол олқылықтың орнын толтырмақпыз. Экспедиция құрамына білікті мамандарды жинадық. Барлығы ойдағыдай болады деп сенемін, - дейді «Тәуелсіздік полюсі» экспедициясының басшысы Мағжан Сағымбаев.