«ҚЫЗЫЛОРДА-СЕМЕЙ» БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ БӨГЕЛУДЕ
Жүк вагондарының рельстен шығып кетуі салдарынан «Қызылорда-Семей», «Алматы-Новосібір», «Алматы-1-Павлодар», «Астана-Защита», «Новосібір-Алматы-2», «Семей-Қарағанды», «Семей-Қызылорда» пойыздары бөгелуде. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Семей стансасында бөгеліп қалған «Астана-Защита» пойызының 90 жолаушысы автобуспен тағайындау пунктіне жеткізілді. «Защита» стансасынан одан әрі Астанаға бару үшін Семейге 125 жолаушыны жеткізуге бірнеше автобус келді. Семей стансасынан пойыз кестеге сәйкес шығады. «Қызылорда-Семей» пойызының жолаушылары үш автобуспен Семейдегі Шар стансасына жеткізілді.
Одан әрі Қызылордаға шығу үшін Шар стансасына жолаушылармен 4 автобус жөнелтілді. Шар және Семей стансаларында «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды тамақтандырды. Тағайындау пунктіне жеткен жолаушылар «Темір жол көлігі туралы» заңға, «ҚР темір жол көлігімен жолаушылар, жүк, тасымалдау қағидаларына» сәйкес өтемақы ала алады.