ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА
Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ел көлемінде түрлі қайырымдылық жобалары қолға алынып жатыр. Соның бірі кеше Арал ауданында өтті.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің аудандық бөлімшесінің және еріктілер тобының ұйымдастыруымен өткен акцияға аудан басшысы М.Оразбаев арнайы қатысып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жасалып отырған шараға қолдау көрсетуге шақырды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция нәтижесінде жиналған 328 мың теңге қаражатты мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетім балаларға үлестіру көзделіп отыр.