КАНАДАДАЛЫҚ ЭКСПЕРТТЕР ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Аға сеньорлар" компоненті аясында Канададан бірден 2 эксперт Қызылорда қаласына келді. Халықаралық дәрежелі эксперт Гарт Хендрен "Томирис жүрегі" балабақшасының қызметкерлер құрамымен 14 күн бойы өз тәжірибесімен бөлісті.
Көп жылдық тәжірибелі маманның эксперттік міндетіне бала тәрбиелеушілерге арналған жаңа оқу бағдарламаларын жасау және ағымдағы оқу процесін қайта құрастыру жоспары тұрды. Сонымен қатар тәрбиелеушілерге бағдарламалық жаңа модульдерін қарастырып, сыныпты басқарудың жаңаша қайта құрылған тәсілдерін үйрету де басты назарда болды. Эксперттік міндеті барысында Хендрен мырза мұғалімдерді басқарудың бірқатар амалдарын қолданумен қатар, біліктілікті арттыруға арналған тренинг семинарлар ұйымдастырды.
Қызылордадағы ең таңдаулы балабақшалардың бірін ашқан әйел-кәсіпкер Айкенже Мұханова "БЖК 2020" бағдарламасының қатысушысы. Айкенженің сөзінше, Даму қорымен 2013 жылдан бері бірлесіп жұмыс жасап келеді, осы уақыт аралығында "Іскерлік байланыстар", "Бизнес-Кеңесші-2" сияқты Қордың жобаларына қатысып, бөлшек кепілдендіру бағдарламасы мен пайыздық үстемені субсидиялау жобаларын пайдаланып отыр.
Тағы бір білікті эксперт Сьюзан Ветмор "Шаңырақ" кешеніне іс-сапармен келді. Сьюзан әлемнің 80 елінде сапармен болған, сол елдердің қонақ үй бизнесі мен мәдениетімен жақсы таныс және әлемге әйгілі «Hilton» мен «Best Western Lamplighter Inn» қонақ үйлерінде директор қызметін атқарған. Кәсіпкердің сөзінше, эксперт оның бизнесін жаңа деңгейге көтерген.
- Біздің бизнесімің отбасылық кәсіп және кәсіп жасағанымызға біраз жылдың жүзі болды, алайда қонақ үй саласында бір жарым жыл ғана тәжірибеміз бар. Сондықтан қаладағы басқа да кешендермен тең дәрежеде бәсекелесе алу үшін эксперт қажет болды. Эксперт Сьюзан Ветмордан аса қажетті менеджмент саласында, басқарушылық пен қызмет көрсету бойынша пайдалы кеңестер алдық. Эксперттің әлемнің түрлі қонақ үйлеріндегі тәжірибесі біздің кешенімізге жайлылық пен үйлесімділік әкелді. Сапармен келген бірінші күннен бастап, біздің қонақ үйдің ішкі дизайнын қолға алып, тех.қызметкерлерге түрлі тренингтер өткізумен қатар олардың жұмыс істеуіне қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасады. Сьюзан қонақ үйдің жаңа халықаралық деңгейге жетуіне бар күш-жігерімен тәжірибесін қолданды. Бізді таң қалдырғаны, оның қонақ үйдегі әрбір минутын пайдалы өткізуге талпынып, барлық процесстерге, оның ішінде асхана мен кір жуатын бөлменің де қызметіне араласты. Бұл өте қайратты, жайдары әрі сөйлескен жанмен тез тіл табысатын тәжірибелі маман екенін дәлелдеді,- деді компания директоры Алтын Унгарбаева.
Қаламызға келген эксперттің алдындағы басты міндет - қонақ үй саласындағы кәсіпкерлерге және оның персоналына келген клиенттің көрсетілген қызметке көңілі толатындай жайлы жағдай жасау мен жақсы нәтижеге жету жолында аянбай еңбек ету қажеттілігн жеткізу болды.
Естеріңізге сала кетсек, "Аға сеньорлар" компоненті "БЖК 2020" бағдарламасының кәсіпкерлік әлеуетті арттыруға арналған 4-ші бағыты бойынша жүзеге асырылады. Аталған бағыт бойынша жергілікті кәсіпкерлер өз бизнесін жаңа халықаралық талаптарға сәйкестендіру жолында Аға сеньорлардың қызметіне жүгіне отырып, олардың қызметтік тәжірибелерін өз бизнестерін жаңарту мен дамыту жолында тиімді пайдалану болып табылады.