ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің кіші веб-порталында департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әмірбек Шаймағамбетовтің және әділет департаменті, білім басқармасы мамандарының, ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында интернет-конференция болып өтті. Конференция барысында мектеп оқушылары, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер және ата-аналар өздерін толғандырған мәселелерге орай сауалдарын онлайн режимде жолдады.
Интернет-конференция барысында азаматтар түнгі уақытта жүрген жасөспірімдерге немесе олардың ата-аналарына қолданылатын шара, жасөспірімдерге темекі өнімдерін сатқан сатушыларға көрілетін жауапкершілік, мектеп оқушыларын ішкі істер органдарының есебіне қоюға негіз болатын жағдайлар жайлы сұрады.
Мамандар азаматтардан келіп түскен сауалдарға заң шеңберінде жауап беріп, әркім өз саласы бойынша кеңестер берді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі