ЖАЛАҒАШТАҒЫ ЖАҒДАЙ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Күн райының күрт жылуынан дария тосын мінез танытты. Жалағаш ауданындағы Ақсу және Далдабай ауылдарының маңында су көтеріліп, бөгетті жырып кеткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов мәлімдеді.
Қазір бұл тұста тиісті техника жұмылдырылып, жауапты мекеме мамандары күндіз-түні өзен бойын бақылауда ұстауда. Мамандардың айтуынша бүгінде Шардара су тоспасынан төменге қарай 600 текше метр су босатылып отыр. Соған сәйкес дария деңгейі біршама көтеріліп, қауіпті деп танылған 33 аймақ жіті назарға алынды.