ПРОКУРАТУРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
Биыл Қазақстан прокуратурасына 25 жыл толып отыр. 1991 жылдың 6 желтоқсанында, ел тәуелсіздігімен қоса Қазақстан прокуратурасының да негізі қаланған болатын.
Мерекеге орай Арал аудандық мәдениет үйінде Прокуратура күніне арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты салтанатты жиын болып өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен шымылдығын түрген салтанатты жиында аудан әкімі М.Оразбаев сөз алып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мерекеде Арал ауданының прокуроры Бауыржан Тоқмырзаға Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» табысталып, бірқатар сала қызметкерлері аудан әкімінің құттықтау хатына ие болды
Сондай-ақ, шара барысында көпшілік назарына аудандық прокуратураның жыл көлемінде жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы бейнебаян ұсынылды.
Мұнан соң Арал ауданының прокуроры Б.Тоқмырза прокуратура қызметкерлерінің ата-аналарын, бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлерін марапаттады. Бұған қоса, аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен мектептер арасында өткен «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты шығармашылық байқаудың жеңімпаздарына да құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.
Салтанатты кешті аудан өнерпаздарының мерекелік концерті жалғады.