ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бұқарамен байланысты жандандыру және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Қалижан Қобландин Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат елді мекенінде ауыл тұрғындарымен кездесті.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер қаралып, ұрлықтың алдын алу, болдырмау бағытындағы шаралар жайы түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қалижан Қобландин осы аймақтың учаскелік полиция пунктінде қызмет атқаратын полиция қызметкерлерінің телефондары көрсетілген визиткалары бар екендігін атап өтті. Тұрғындар келеңсіз жағдайларға ұшыраса немесе құқық бұзушылық дерегінің куәсі болса аталған байланыс телефон нөмірлеріне хабарласа алатындықтарын ескертті.
Азаматтарды қабылдау жиындары жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі