ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін елордада Индустрияландыру күні аясында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанттары марапатталды, деп хабарлайды BNews.kz.
Байқау жеңімпаздары үш аталым – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Ең үздік өндірістік тауарлар» бойынша анықталды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында «Жамбылгипс» АҚ, «Астаналық Шыныпакет Компаниясы» ЖШС, «Алматы бояулары» жеңімпаз атанса, «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында «Назар Текстиль» ЖШС, «DOSFARM», «Руми-эн» ЖШС-ның мерейі үстем болды. Ал «Ең үздік өндірістік тауарлар» аталымы бойынша Балқаш нан-тоқаш комбинаты, «Пульс» ЖШС, «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС пен «Шығыс Сүт» ЖШС лайықты марапатқа ие болды.
Биыл республикалық көрме-байқауға аймақтық іріктеуден өткен 145 жеңімпаз компания қатысты. 9 дипломант «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының эмблемасымен және I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Олар байқау эмблемасын 4 жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалана алады.