ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖЫЛ ІШІНДЕ 34 АУРУХАНА АШЫЛДЫ
Арал маңы өңірінің елді мекендерінде соңғы екі жылда 34 денсаулық сақтау нысаны салынып бітті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Облыстық әкімдіктің ақпаратынша, бұл нысандардың дені – ауылдық емханалар мен дәрігерлік амбулаториялар. Жаңадан ашылған ауруханалардың барлығы заманауи жабдықпен жарақтандырылған, сондай-ақ дәрігерлік амбулаториялардың жанынан күндізгі стационарлар ашылуда.
Қызылорда облысында «Денсаулық сақтау жол картасын» іске асыруға биыл және өткен жылы 2,5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Карта аясында атқарылған жұмыстың арқасында облыс халқының туберкулезбен ауыру көрсеткіші 14%-ға, ал жүрек-қан тамырлары ауруы 7%-ы азайған.
Қызылорда тұрғындары үшін тағы бір қуанарлық жаңалықтың бірі – облыстық балалар көп салалы ауруханасының құрылысы. Жаңадан бой көтергелі жатқан медициналық мекемеде барлық қызмет түрі көрсетілмек.