ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНЕ ЮНЕСКО СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағанбетов салтанатты түрде ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбайға ЮНЕСКО Халықаралық ұйымының Материалдық емес мәдени мұралар тізіміне бірнеше қазақстандық номинацияның енгізілуі туралы сертификаттарды табыстады. Бұған орай Ұлттық музейде Қазақстандық материалдық емес мұраларға арналған арнайы көрме ашылды.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы ерекше жетістіктерінің қатарына ЮНЕСКОмен достық қарым-қатынастарды орнату мен күшейту болып табылады. Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау салсындағы бұл халықаралық ұйыммен ынтымақтастықта үлкен жұмыс атқарылды: Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі ұлттық комитет құрылып, алдын ала ұлттық тізім бекітілді және Адамзаттың репрезентативті тізіміне алғашқы қазақстандық өтініштер дайындалды.
2014 және 2015 жылдары Адамзаттың бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұралардың тізіміне алғашқы үш қазақстандық номинациялар киіз үй, айтыс және күйдің енгізілуі атқарылған жұмыстың нәтижелері болып табылады. Одан басқа, жуық арада ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұралар тізіміне Қазақстан тарапынан көпұлтты Наурыз, Саят құстармен аң аулау, Жұқа нанды дайындау дәстүрі: лаваш, қатырма, жұпқа, юфка номинациялары мен Қазақ күресі ұлттық номинациясының енгізілгендігі туралы мәлім болды.
Бай тарихымыздың материалдық емес құрамы терең рухани маңызға ие болып, ұлтымыздың негізгі мәдени құндылықтарымызды құрайды. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап, мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мәдени ескерткіштердің сақталып қана қоймай, еліміздің аумағында тұрып жатқан халықтардың дәстүрлері мен салттарының жандануына ерекше көңіл бөледі. Президенттің тапсырмасы бойынша 2003 жылы Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Қазақстан ТМД мүше-мемлекеттері арасында бірінші болып осындай көлемді жобаны жүзеге асыра бастады, - деді Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағанбетов.
Бұл көрменің Отанымыздың жүрегі болып табылатын елордамызда орналасқан мемлекетіміздің тарих және мәдениеттің бас ордасы Ұлттық музейде сақталатындығы кездейсоқтық емес. Сондықтан киіз үй, айтыс және күй секілді халқымыздың рухани-мәдени бірегей құндылықтарын адамзаттың репрезентативті тізіміне енгізілуі туралы ЮНЕСКО сертификаттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне сақтауға тапсырамын, деп қосты И. Тасмағанбетов.