СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКТЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА
«ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген VII Республикалық «Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстарының сайысында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың Инженерлі-экологиялық факультеті «ЭЭ және ӨТҚ» кафедрасының БЖ-14-1 оқу тобының студенттері Ақсауле Болатбек және Сымбат Қалман жүлделі I орынды (ғылыми жетекшісі - «ЭЭ және ӨТҚ» кафедрасының аға оқытушысы Н.Б.Ермұханова); ал БЖ-15-1 оқу тобының студенттері Төлеген Айым (ғылыми жетекшісі - «МГИ» кафедрасының профессоры П.Ә.Таңжарықов) және Кеңес Жанар (ғылыми жетекшісі «Э және ХТ» кафедрасының профессоры - Н.О.Аппазов) ІІ орынды жеңіп алды.
Ғылыми жұмыс авторларын жеңістерімен құттықтай отырып, оларға шығармашылық табыс пен ғылыми ізденіс жолында сәттіліктер тілейміз, - делінген университеттің баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.