ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АЗАМАТТАРДЫҢ САУАЛДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ
4 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылорда қаласына келді.
Аталмыш акцияның басты мақсаты – азаматтарды мазалаған мәселелерге ортақтасу, түрлі бағыттар бойынша құқықтық кеңестер беру болып табылады.
ҚР мәдениет және спорт, ғылым және білім, әділет, ұлттық экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ақпарат және коммуникация, ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері сынды барлығы 270 сала қызметкерлерінің басын құраған іс-шарадан Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті де шет қалмай, халықпен кездесіп, сұрақтарына жауап беруге тырысты.
Шараға департаменттің Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Әбдібек Жаназаров, Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алтынбек Ахметов, ОІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ердәулет Жаукеев, Көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәрсен Умаров қатысты.
Қабылдау кезегіне тіркелген ең алғашқы азаматтардың бірі – ішкі істер органдарының қызметкері болды. Ол «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы өкілдерінің партия ғимаратында қабылдау өткізетінін телеарна жаңалықтарынан естіген. Қабылдауда өзінің 16 жыл құқық қорғау саласында қызмет жасағандығын жеткізіп, өзін мазалаған мәселе жөнінде ақыл-кеңес сұрады.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың 50 пайызының өтініштері оң шешілді. Қалғандарына заң аясында кеңестер берілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі