ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНДИТЕРЛІК ЦЕХ АШЫЛДЫ
Қызылорда қаласында 50 адамды жұмыспен қамтыған кондитерлік цех ашылды, деп хабарлайды www.24.kz.
Отандық шикізатты пайдаланатын кәсіпорын өндірісте бекітілген рецептураға қатал сүйеніп, экологиялық таза қоспалардың негізінде 200 түрлі өнім шығарады. Мұнда өнімнің жоғары сапасы мен сырт келбетінің көркемдігі үшін ғана емес, бағасының қолжетімді болуына да аса мән береді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы ашылған цехта тәулігіне 1,5 тонна кондитерлік өнім шығарылады. Оны саудалайтын арнайы 7 дүкен ашылады.
- Мемлекеттен 130 млн теңге алып, жаңа қондырғылар, ғимаратты жөндеу жұмыстарын жасап, осы жерден өндірісті кеңейтіп жатырмыз. Енді алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанның барлық қалаларына өнімдерді сатып, жеткізіп, 2022 жылдан кейін Қазақстаннан сыртқа қарай өнімдерімізді экспортқа сату жоспары бар, - дейді кәсіпкер Айдос Сайлығараев.