ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ ЖАҚСАРДЫ
Бұл туралы ҚР ДСӘДМ-де откен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой хабарлады, делінген министрліктің ресми сайтында https://www.mzsr.gov.kz/ru/frontpage.
Өз сөзінде ол Қазақстанда соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсатудың, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында жүргізілген реформалардың нәтижесінде медициналық-демографиялық салада оң өзгерістер жүзеге асқанын мәлімдеді. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сай республикадағы халық саны 2000 жылмен салыстырғанда 19%-ға ұлғайып, 17 млн. 671 мың адамды құрады.
ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және Денсаулық сақтау саласын реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайып, 2015 жылдың нәтижесі бойынша 72 жасты құрады (1991 жылы бұл көрсеткіш 67,6 болатын).
«Халықтың туу көрсеткіші 9,8%-ге өсті. Ана мен сәби өлімі сәйкесінше 5,4 және 3 есеге төмендеді. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіш негізгі себептерден туындайтын өлім-жітімді азайту арқылы жүзеге асты: қан айналымы жүйесінен болатын өлім 1,9 есеге, қатерлі ісік ауруларынан 33%-ға, қайғылы оқиғалар салдарынан, жарақаттану мен уланудан 23,1%-ға. Туберкулезбен сырқаттанушыдылық 9%-ға, өлім-жітім - 66%-ға төмендеді», - деп хабарлады Алексей Цой.
Вице-министр халықты кең көлемді вакцинациялау нәтижесінде соңғы 25 жылда Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттану деңгейі 435,9 есеге, қызамықпен - 879,6 есеге, дифтериямен – 30 есеге, көкжөтелмен - 7,6 есеге азайғанын айтты. «В» вирустық гепатитімен сырқаттану деңгейі балалар арасында 1234,5 есеге, ересектер арасында 31,5 есеге төмендеді. Сонымен қатар, Қазақстанда соңғы 25 жылда 14 жасқа дейінгі балалар арасында сіреспемен сырқаттанудың бірде бір жағдайы тіркелген жоқ.
«Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында АИТВ-ны диагностикалау, емдеу мен алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде республикада халықтың осал топтарының арасында АИТВ-ның таралуын шоғырланған сатыда ұстап тұру мүмкіндігі пайда болды. Соңғы екі жылдың ішінде «15-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде АИТВ инфекциясының таралуы» Жаһандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде Қазақстан 0,18% көрсеткішімен алғашқы орындағы елдердің қатарына кіреді», - деп хабарлады ол.
Сондай-ақ, Алексей Цой денсаулық сақтау жүйесін мамандармен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 2007-2015 жылдар аралығында Қазақстанда республикалық және аймақтық деңгейде медицина кадрларының жетіспеушілігі 34%-ға немесе 2 мыңнан астам адамға азайғанын айтты. 2005-2010 жылдар аралығында медициналық ЖОО-да түлектер санын арттыру барысында барлық мамандықтар бойынша дәрігерлер жетіспеушілігі төмендеді. 2002-2015 жылдары біліктілікті арттыру мен қайта даярлау курстарында денсаулық сақтау саласының 330 мыңнан астам мамандары, оның ішінде 2,6 мың адам шетелде даярланды.
«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда мемлекет қаражаты есебінен 1312 денсаулық сақтау нысандары салынып, қолдануға берілді, соның ішінде: 8 медициналық ғылыми орталықтары, 32 арнайы медициналық орталықтар, 176 аурухана, 144 емхана, 907 амбулатория және 45 арнайы денсаулық сақтау объектілері (қан орталықтары, патологоанатомиялық бюро және тб.). Барлық медициналық нысандардың 87%-ын алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар құрайды.
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы және т.б. ірі медициналық ұйымдар құрылды», - деді Алексей Цой.
Вице-министр соңғы жылдары Қазақстанда жоғары мамандандандырылған медициналық көмек белсенді түрде дамып келе жатқанын, ел азаматтары қажет болған жағдайда шетелде жасататын бірегей оталардың елімізде жасалуы жыл сайын ұлғайып келе жатқанын атап айтты.
«Жыл сайын біз 40 мыңға жуық жүрек, 35 мыңнан астам нейрохирургиялық ота жасаймыз. 2012 жыл мен 2016 жылғы қазан айының аралығында Қазақстанда туыстық және қайтыс болғаннан кейінгі донорлар арқылы 1011 ағзаны транспланттау жасалды. Оның ішінде бүйрек – 793, бауыр – 170, жүрек – 41, өкпе – 5, ұйқы безі – 2. Сонымен бірге, балалардың гемопоэтикалық бағаналық тіндерін 41 транспланттау отасы жасалды», - деді ол.
Сөз соңында Алексей Цой жауырдағы 4 жылда денсаулық сақтау саласының стратегиялық мақсаты – халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2020 жылға қарай 73 жасқа жеткізу екенін атап айтты.
Оған қол жеткізу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында (әрі қарай – Мемлекеттік бағдарлама) бірқатар құралдар қарастырылған. Оның бірі – алғашқы медициналық-санитариялық көмектің мультидисциплинарлық тобы мен әлеуметтік келісім шарт арқылы бекітілген пациент арасындағы серіктестік қатынастар негізінде құрылған Ауруларды басқару бағдарламасы болып табылады (әрі қарай - АББ).
Биыл АББ пилоттық тәртіпте 7 аймақтың (Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Астана мен Алматы қалалары) 23 МСАК ұйымдарында үш нозология бойынша енгізілуде: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті. Бағдарламаға қатысушылар саны 1,2 мыңнан астам адамды құрады. 2017-2019 жылдары АББ-ны 5 нозологияға дейін ұлғайтып, еліміздің барлық аймақтарында енгізу жоспарланып отыр.
Мемлекеттік бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты - әлеуметтік мәні бар, елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 негізгі нозология (миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру) бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу болып табылады. Ол туралы толығырақ ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева мәлімдеді.
«Бағыттардың әрқайсысы бойынша қызметтің барлық түрлері көрсетілетін болады: профилактика, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер. Сонымен қатар, күрделі технологиялық құрылымдар мен жоғары білікті мамандарды талап ететін қызметтер ауданаралық, аймақтық және республикалық деңгейде орталықтандырылатын болады. Күрделі технологиялық құрылымдарды талап етпейтін қызметтер тұрғылықты мекен-жай бойынша медициналық ұйымда көрсетілетін болады. Осылайша көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, күту уақытын төмендету, диагностикалау мен емдеудің негізсіз тәсілдерін тағайындауға жол бермеу мақсатында пациент қозғалысын бағдарлаудың тетіктері енгізілетін болады», - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, Ажар Төлеғалиева ҚР ДСӘДМ жанынан медициналық көмек көрсетудің (әрбір нозология бойынша) біріктірілген үлгісін енгізу жөнінде 5 үйлестіру кеңесі құрылғанын атап айтты. Олар медициналық қызметкерлердің барлық деңгейінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізді, емдеу стандарттарын қайта қарап, емханалық хаттамалар мен процестердің алгоритмі, пациенттердің қозғалыс маршрутын жетілдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 700-ден астам стационарлық және 2 мыңнан астам амбулаторлық-емханалық мемлекеттік ұйымдар қызмет көрсетеді. Онда 190 мыңнан астам медициналық қызметкерлер, оның ішінде 53 мың дәрігер жұмыс істейді.
Сонымен бірге, халыққа денсаулық сақтаудың жеке меншік үлгісіндегі 161 стационарлық және 700-ден астам амбулаторлық-емханалық ұйымдары медициналық көмек көрсетеді. Республикада барлығы 105 мың аурухана жатын орны бар.
Жыл сайын Қазақстанда 2,6 млн-нан астам адам стационарлық ем қабылдайды, 112,9 млн-ға жуық азамат амбулаторлық-емханалық қаралуға тіркеледі, 7 млн-дай жедел медициналық көмек шақырылымына қызмет көрсетіледі.