СЕЙСЕНБІДЕ СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕ ҚАР ЖАУЫП, БОРАН СОҒАДЫ
6 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, айтарлықтай қар жауып, тек еліміздің оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 17-22 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Екпіні 23-28 м/с-ге жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.