ҚЫС - ЖАҚЫН!
Табиғат қорғау мен оны жақсарту шаралары ауқымды, әрі күрделі мәселе. Мемлекет пен қоғам тарапынан табиғатты қорғауға бағытталған шаралар үнемі бақылауда.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ақпаратын назарларыңызға саламыз.
Аталған қызметтің әсіресе қыс маусымында жоғары сұранысқа ие болатынын ескере отырып, оны қалай пайдалануға болатындығы жайлы айта кетсек.
«Ағаш кесу және орман билетін беру» - мемлекеттік қызметі Қызылорда қаласы мен аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері (лесхоз) арқылы көрсетіледі.
Ағаш кесу билетi дегеніміз не? - орман пайдаланушы мен орман иеленушіге сүрек, кесілген ағаш қалдықтарын, шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және кеспеағаш аймағынан ағаштар, сыпталған ағаштарды кесуге рұқсат беретiн құжат.
Орман билетi дегеніміз не? - жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристiк және спорттық мақсаттар қажеттiлігi үшiн пайдалануға құқық беретiн құжат.
Бұл қызметтерді кім пайдалана алады? - Кез-келген Қазақстан Республикасының азаматтары.
Аталған құжаттарды алу үшін қандай құжаттар қажет және қайда жүгінеді? – Қызметті пайдаланғысы келген азамат жеке басын куәландыратын құжатымен, тұрғылықты ауданы бойынша орман мекемесіне барып (мекен-жайлары, басқарманың ресми интернет ресурсында көрсетілген), тиісті өтініш жазады (мекеме қызметкерлері өтініш үлгісін ұсынады), содан соң кесілетін ағаш көлеміне қарай белгіленетін соманы банк бөлімшесінен немесе пошта қызметі арқылы төлеп, төлемін растайтын түбіртекті өткізеді. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалады.
Басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жақсарту бағытындағы жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табатын болады.
Мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен Халыққа қызмет көрсету орталығы және онлайн режимінде «электронды үкімет» порталы арқылы көрсету үлесінің жылдан жылға артуы, қызмет көрсету бизнес-процестерінің жетілдірілуі мен әкімшілік кедергілердің оңтайландырылуы аталған саладағы тиімділік көрсеткіштерінің жоғарылауына септігін тигізуде.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығымен Қызылорда облысы әкімдігінің және басқарманың ресми интернет-ресурсында таныса аласыздар.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы