ТӘРТІП БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
Мемлекеттік статистика туралы заңнама талабы жылдан жылға күшейтіліп келеді. Мемлекеттік бақылау жүргізу аясында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 719-бабына сәйкес мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган Кодекстiң 497, 499, 500, 501, 502, 503-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Кодекстің талабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы органға бақылауды жүзеге асырған кезде тексеру жүргізілмей тікелей факт анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық ісін қозғау құзыреті берілген.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талабына сәйкес дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіндегі мерзімдерге сәйкес тапсыру респонденттердің /жеке, заңды тұлғалардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің/ міндеті болып табылады.
Сондықтан бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу, атап айтқанда мемлекеттік статистика органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде уақытылы ұсынбау, сондай-ақ анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 497-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа: жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы ретте, коммерциялық емес ұйымдардың жауаптылығы 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан көзделген.
2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жалпы 5671554 теңге айыппұл салынып, оның 5015560 теңге мемлекет кірісіне өндірілген.
Сонымен. бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылуын болдырмау мақсатында респонденттерге бастапқы статистикалық деректерді мемлекеттік статистика органына, яғни Қызылорда облысының Статистика департаментіне белгіленген мерзімде ұсынулары қажет.
Қызылорда облысының

Статистика департаменті