«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Қызылордада «Нұрлы жол» бағдарламасының жүйелі орындалуын бақылаушы комиссияның көшпелі отырысы өтті. Бұл туралы партияның ресми сайтында жарияланды.
Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы жанынан құрылған бұл комиссия партиялық бақылау комиссиясымен бірлесіп, қаладағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй құрылыстары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының орындалуына бақылау жүргізді.
Нақтырақ айтсақ, Жаппасбай батыр №2 кварталында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 14 тұрғын үй салынуда. Оған ұлттық қордан 6,2 млрд теңге бөлінген.
Рейдттік тексеру барысында «МФК Туран» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан бірқатар кемшіліктер анықталды.
- Құрылыс- монтаждау жұмыстары жүргізілген кезде міндетті түрде рәсімделуге тиісті құжаттар сапасыз толтырылған, жұмыс сапасын бағалайтын және талапқа сайлығын мәлімдейтін актілер мүлдем жоқ,- деді партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Шаутай Тілеуберген.
Келесі «Промстройсервис Е» ЖШС-і мердігер мекемесі жұмыстарында да құжаттар сапасыз рәсімделінгені анықталды. Онымен қоса тас қалау жұмыстары талапқа сай емес. Сылақ астында қалатын электр желілері дұрыс жүргізілмеген екен.
- Бұл кемшіліктерді жоюға тиісті мекеме басшыларына және мердігер мекемелерге межелі тапсырма берілді. Алдағы уақытта кемшіліктер түзелмесе қатаң шара көріледі,- деді облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы Ерғазы Қожақов.
Комиссия мүшелері рейд барысында 980 га жерді қамтитын жеке тұрғын үй секторы үшін инженерлік - комуникациялық инфрақұрылымын дамыту, жайластыру жұмыстарына оң бағасын берді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 9.5 млрд.тг қаржы бөлінген бұл жоба жұмыстарының нақты кезеңде 85 пайызы орындалып отыр.
Көшпелі жиынды қорытындылаған комиссия мүшелері «Нұрлы жол» бағдарламасы еш кемшіліксіз және уақытылы орындалуы керектігін тағыда пысықтады.