«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫНЫҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Кеше «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының делегаттары Достық үйін аралап, қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлады облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі.
Оған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының профессоры Әміржан Әлпейісов, ҚХА мүшесі, Астана қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ф.ғ.д, профессор Қазбек Қазкенов, Республикалық Достық үйі медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Нұрсәуле Әлтекова, Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығының басқарма мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас сарапшысы Лариса Лысова және өзге де сала мамандары қатысты.
Қоғамдық қабылдауда қала тұрғындары пойыз делегаттарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сұрақтардың көбісі тұрғын үй, денсаулық, медиация, әлеуметтік салаларға байланысты болды. Қабылдауға қатысқан әрбір тұрғын өзінің сұрағына сәйкес тиісті жауабын ала алды.