«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА БОЛДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында Астанадан аймақтарды аралау сапарына шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы ағымдағы жылдың 4-ші желтоқсанында Сыр еліне аялдады.
Республикалық акцияның мақсаты – Елбасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктермен таныстыру, халық бірлігін нығайту, әлеуметтік және қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізу. Тұрғындарға медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік салалар бойынша консультативтік кеңестер беру болып табылады.
Акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Қоғамдық келісім» ҚР Президенті жанындағы Республикалық мемлекеттік мекемесі, «Нұр Отан» партиясы, мәдениет, спорт, ғылым, білім, әділет, ұлттық экономика, денсаулық сақтау, әлеуметтік даму, ақпарат және коммуникация, ауыл шаруашылығы, ішкі істер министрлігі, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдары мен БАҚ қатысты.
«Тәуелсіз Қазақстан» поездін Қызылорда қаласының Теміржол вокзалынан облыстық ассамблея мүшелері мен қала тұрғындары сән-салтанатпен қарсы алды. Теміржол вокзалына жиналған тұрғындарды делегация мүшелері Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтай келе, шараның маңыздылығын түсіндіріп өтті. Делегация құрамында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының профессоры Әміржан Әлпейісов, ҚХА мүшесі, Астана қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ф.ғ.д, профессор Қазбек Қазкенов, Республикалық Достық үйі медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Нұрсәуле Әлтекова, Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығының басқарма мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас сарапшысы Лариса Лысова және өзге де сала мамандары бар.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов және пойыз мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Онда «Бейбітшілік және келісім үлгісі – Қазақстан бренді», «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының өлшемі», «Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлттың рухани негізі» тақырыптарында қала тұрғындарына дәріс таныстырулар оқылды. Пойыз штабының мүшелері «Қазақстан-2050» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы төңірегінде сөз сөйлеп, ой-пікірлерін айтты. Сондай-ақ, пойыз мүшелері «Біз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған маңызды миссияны орындап келеміз. Көпэтносты Қазақстанда бірлік пен достық, бейбітшілік пен келісім жарастық тапса, ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі» екендігін атап өтті.
Делегация мүшелері «Тәуелсіздік сыйы» акциясы аясында облыстық кітапханаға кітаптар сыйлады.