«НАУРЫЗ» МЕРЕКЕСІ ЮНЕСКО-НЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ КӨРНЕКІ ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ
Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия) өтіп жатқан Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөнiндегi Үкiметаралық комитеттің 11-ші сессиясы шешімімен қазақстандық «Наурыз» номинациясы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Аталмыш номинацияны Тізімге енгізу бойынша дайындық жұмысы Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Ирак, Түркіменстан, Тәжікстан секілді бірқатар мемлекеттермен бірлесіп әзірленген болатын.
Сонымен бірге, 2 желтоқсанға дейін жалғасатын МЕММ сессиясының отырысында еліміздің өзге номинацияларын («Сұңқармен аң аулау», «Қазақша күрес», «Жұқа нанды дайындау дәстүрі: лаваш, қатырма, жұпқа, юфка») енгізу жоспарланып отыр.