TIMSS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚР Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев оқушылар мен мұғалімдерді математика және жаратылыстану бағытында өткен TIMSS халықаралық зерттеудің нәтижелерімен құттықтады. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.
Біздің оқушылар жаратылыстану-математикалық сауаттылығы бойынша Ресейлік құрдастарының нәтижелеріне ұқсас көрсеткіштерге қол жеткізіп, АҚШ, Англия, Германия, Канада, Автралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланды, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және бірқатар басқа мемлекеттерде тұратын қатарластарынан озып шықты.
TIMSS – (Trends in Mathematics and Science Study) – жаратылыстану-математикалық білім беру сапасын бағалайтын халықаралық зерттеу. TIMSS аясында 4-ші және 8-ші сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымдары мен математикалық сауаттылығының мониторингі жүргізіледі.
Бұл жобаның ерекшелігі – 4 жыл сайын өткізілетін зерттеуге 4 сынып оқушылары екі рет қатысуында. Демек, 4 жылдан кейін 8 сыныпта (негізгі мектеп) оқитын биылғы 4 сынып (бастауыш мектеп) оқушыларының білім деңгейлеріндегі өзгерістерді байқау мүмкіндігі туындайды.
Зерттеуді IEA (International Association for the Evaluation Educational Achievement) Білім беру жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығы үйлестіреді (www.iea.nl).
IEA зерттеулеріне дәстүрлі түрде 60-тан астам мемлекет қатысады. TIMSS жобасы Бостон колледжінің халықарлық оқыту (ISC - International Study Center, Boston College), Білім саласының тестілеу қызметі (ETS - Educational Testing Service, АҚШ), Мәліметтерді өңдеу (DPC IEA - Data Processing Center IEA, Германия) және Канадалық статистика орталықтары (Statistics Canada) сияқты белгілі ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп жүргізіледі.
Қазақстанның осы зерттеулерге қатысуы арқасында әлемдік білім беру жүйесінің ең үздік үлгілері жөнінде толық ақпарат алу мүмкіндігі туындайды. Бұл, өз кезегінде, еліміздің білім беру мазмұнын жаңарту бағыттарын айқындауға септігін тигізеді.
Қазақстанның TIMSS 2015 зерттеулеріне қатысуы
TIMSS 2015 Қазақстан атынан 179 мектептің 9 579 оқушы бағын сынады (4 710 төртінші және 4 869 сегізінші сынып оқушылары). 179 мектептің 96 – қалалық, 83 – ауылдық, 78 – қазақ, 29 – орыс және 72 – аралас мектептер.
2011 жылғы нәтижелермен салыстырғанда, біздің 8-сынып оқушыларының нәтижелері математика бойынша 41 және жаратылыстану ғылымдары бойынша 43 ұпайға жақсарды. Бұл Қазақстанның әлемнің 39 мемлекеті ішінен 7 және 9 орындарды иеленуіне мүмкіндік берді.
Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының нәтижелері де таң қалдырды. Орташа көрсеткіштің өсуі жаратылыстану ғылымдары бойынша 55 және математика бойынша 43 ұпайды құрады. Бұл – зерттеуге қатысқан 49 елдің арасынан 8-ші және 12-ші орындар.

Комментарии 22