БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Ал, оңтүстік пен солтүстік-батыста күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, Ақмола, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 метр/секундке жетеді. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, түнде Отүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарына тұман түседі. Жамбыл облысында желдің күші 16-21 метр-секунд болады. Маңғыстау, Атырау, Қарағанды күндіз Батыс Қазақстан, облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, Қарағанды, күндіз Маңғыстау облыстарында желдің күші 15-20 метр/секунд болады. Шығыс Қазақстан облысының кейбір аймақтарында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метр болады. Жарма ауданында жел күші 25 метр/секунд. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің күші секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде кей жерлерге тұман түседі.