БАҒДАРЛАМА ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баспасөз мәслихаты өтті. Оған Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аманжол Алдажаров, облыстық білім басқармасының орынбасары Ерлан Қарабалаев, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бекішев қатысты.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аманжол Алдажаровтың мәліметіне сүйенсек 2011 жылдан бастау алған «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы осы уақытқа дейін өңірімізде 27 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 6 мың адам кәсіптік біліктілігін арттырды. 5 мыңнан астам адам кәсіпкерлік саласында жеңілдетілген шағын несиеге қол жеткізді. Аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы нәтижесінде аймақтағы жұмыспен қамтылған халық саны 2,5 пайызға артып, жалдамалы жұмысшылар саны 2 пайызға, жұмыссыздық деңгейі 12 пайызға төмендеген.
«Аталған бағдарламаның бірінші бағыты кәсіптік біліммен жастарды қамту. Қазіргі таңда өңіріміздегі техникалық және кәсіптік білім беру 31 колледж арқылы іске асырылуда. Оның 16-сы мемлекеттік 15–сі жеке меншік білім ордалары. Сонымен қатар, облысымызда кәсіпорындар жанынан ашылған 2 оқу орталығы бар. Қазіргі таңда 97 мамандық 163 біліктілік бойынша жастарды оқыту ұйымдастырылып, жұмысшы мамандықтарына баса назар аударылып отыр», - дейді облыстық білім басқармасының орынбасары Ерлан Қарабалаев.
Фариза ОМАРОВА