АРАЛ ТЕҢІЗІ 32 ЖЫЛДА ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ
Google компаниясы Google Earth жобасы аясында жасалған Timelapse сервисін жаңартты. Сайтта қолданушылар Арал теңізінің 1984 жылдан бергі өзгерістерін көре алады, деп хабарлайды tjournal.ru.
Интерактивті картаны масштабтау арқылы айқын өзгерістерді байқауға болады. Сайтта экологиялық қауіпті 8 өңірді жеке-дара белгілеген: Арал теңізінің тартылуы, Аляска мұз қатпарларының еруі, амазондық орман алқаптарының жойылуы және басқа. Арал теңізі - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан Орталық Азиядағы ағынсыз тұзды көл. XX ғасырдың 1960 жылдарынан бері теңіз деңгейі Әмудария мен Сырдария өзендерінің салдарынан азаюда. Арал теңізі тартылғанға дейін көлемі жағынан әлемдегі төртінші көл болған.
Зерттеушілер радиокөміртекті әдісті пайдалану арқылы абсолюттік мерзімді анықтау негізінде Арал теңізінің жасы туралы деректер алған. Олардың мәлімдеуінше, Арал теңізі 20-24 мың жыл бұрын пайда болған. АҚШ-тың Бас консулы Марк Муди 2016 жылдың 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Арал теңізіне жасаған сапарында Арал теңізінің солтүстік бөлігін қайта құру үдерісінің жақсы дамығанын атап өтті.
Бұдан бөлек, Google YouTube-та қалалардың өсуін, мұздардың еруін, теңіздердің тартылуы мен басқа да көптеген өзгерістерді тамашалайтын бірнеше қысқа түсірілімдерді жариялады. Сервис 2013 жылы ашылды.
Жер шарының спутниктік суреттерін АҚШ пен NASA-ның геологиялық қызметі жетекшілік ететін Landsat жобасы түсіреді. 1970 жылдың соңынан олардың спутниктері жер шарын суретке түсіріп, мұрағаттарға берілді. Google бұл жобамен 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді, қазіргі таңда 5 млн астам суреттері өңделген.