«ӘЛЕМ. XXI ҒАСЫР» МАНИФЕСІ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында орналасқан «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залында облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен кездесу болып өтті. Бұл туралы Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Әлем. XXI ғасыр» Манифесі тақырыбында өрбіген кездесуге «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері және аталмыш оқу ордасының экономика факультетінің студенттері қатысты.
Жиында бірінші кезекте еліміздің «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде ұсынылған бағыттар бойынша нақты шаралар атқарылып келе жатқандығына назар аударылды. Осы орайда «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ғылыми сарапшылық топ жетекшісі Н.Мыңжас «Қазақстан өз тарапынан ядросыз әлем құру туралы өзіне алған міндеттемесін жүзеге асырды. Тоқсаныншы жылдары Семей полигонын жабу үлкен тарихи іс. Ядролық қаруды одан әрі таратпас үшін төмен байытылған ядролық отынды Қазақстанның жерінде сақтау жөнінде бастама көтерілді. Бұл көптеген елдер тарапынан қолдау тауып отыр. Мұның мақсаты – ядролық отынды бейбіт өмір үшін қолдану»,- деді өз сөзінде.
Кездесу барысында лаңкестік ұйымдар әлемге қауіп төндіріп отырғандығы, осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһан елдерін ортақ мақсат үшін күресуге шақыруы – әлем қауіпсіздігі үшін өте қажет екендігі және Елбасының бұл бастамасын әлем қолдап отырғандығы тілге тиек етілді. Қазіргі таңда жаһан жұртшылығы лаңкестікпен «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» күресуі қажет. Ал бұл манифест осы істің бастамасы болмақ. Сондықтан, Қазақ елі тұрақтылық пен бейбітшіліктің үлгісі болуда деген пікірлер айтылды.