СЕГІЗ МЕКТЕП ТАЗА СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық одақ және «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту» Коалициясы Арал ауданында «Жасыл экономикаға» бағытталған бірнеше жобаны жүзеге асыруда. Мәселен, ауданның сегіз елді мекенінде ауыл балалары мектеп қабырғасында таза ауыз суды тұтынады. Арал ауданындағы «Өрлеу-Консалтинг» жастар қоғамдық бірлестігі Еуропалық Одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы жобасы аясында жұмыс істеп келеді, деп жазады облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі.
Су мәселесін шешу мақсатында аталған бағдар¬ламаға қатысқан аралдық «Өрлеу-Консалтинг» жастар қоғамдық бірлестігі ауданға қарасты білім ошақтарына мембраналық қондырғы орнату жобасын жеңіп алып, қомақты қаржыға құрылғылар алынды. Қазіргі кезде жоба «Жасыл технологиялар» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.
Бірлестік төрағасы Дастан Жұпанның айтуынша, мектептерді таза ауызсумен қамтамасыз ету жобасы 2015 жылы қолға алынған. Нәтижесінде Аралқұм, Тоқабай, Бөген, Шөмішкөл, Бекбауыл, Ақбай, Жаңақұрылыс, Қара¬ша¬лаң ауылдық округтерінің мектептері таза ауыз¬сумен қамтамасыз етілген. Қоғамдық бірлестік мүшелері су тазалағыш құрылғыны орнату барысында елді мекендердегі ауызсудың құрамын зерттеп, жағдайы мүшкіл сегіз мектепті таңдап алған.
Суды екі кезеңмен сүзгіден өткізеді. Оның біріншісі – механикалық, екін¬шісі – мембраналық», – дейді. Алғашқысында су ұсақ тастар мен құмнан тазартылады сосын ауыр металдар, микробтар шығарылады. Құрылғы күніне екі жүз литрден астам су тазалауға қауқарлы.