30 ҚАРАШАДА ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІ МЕН БАТЫСЫНДА ҚАР ЖАУАДЫ
30 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында жел 18-23 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күтіледі. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, тұман, көтайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.