БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН ЖЫЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын жаумайды, күн жылы болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың қалған аумағында жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілуде. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысында кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с-ке дейін жетеді. Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанған.