АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ЖЫЛДЫ ТАБЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Бүгінде Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени салалары қарқынды даму үстінде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.
- Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласының барлық бағытында өсім бар. Бүкіл ел үшін айтулы мерекелерге толы биылғы жылды да ауданның дихан қауымы, ауыл еңбеккерлері табысты қорытындылады. 2016 жылдың қорытындысымен Сырдария ауданы облыста «Егін шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен Озат аудан» номинациясымен марапатталды, - деді аудан әкімі. – 2016 жылы ауданда әртараптандыру бағытында күріштен басқа дақылдар бойынша көрсеткіштер артығымен орындалды. Атап айтқанда, Айдарлы ауылдық округіне қарасты «Орда» шаруа қожалығының төрағасы Мейірбек Тасболатов 100 гектарға «Торпедо» сортты қауын егіп, 2770 тонна өнім алды, орта өнім гектарынан 277 центнерден келіп, өндірген өнімі Ресей мемлекетіне жіберілді.
Айта кету керек, ауданда осы уақытқа дейін 45 жоба іске қосылып, 339 жаңа жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар жыл соңына дейін халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің іс-шаралары толық жүзеге асырылып, жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға төмендейтін болады. Ал білім саласы бойынша бүгінде ауданда үш ауысыммен оқитын, апаттық жағдайдағы мектептер мүлдем жоқ және мектептерде орын жетіспеушілік мәселесі толық шешілген. Жалпы аудан әкімдігі білім беру саласына үнемі басымдық беріп, аудан қазынасының 60-70 пайызын осы салаға бағыттап келеді.
Сонымен қатар, «Ауданда коммуналдық қызметтерге қарыз жоқ деп айтуға болады. Сондай-ақ, облыстық бюджетті 100 пайыз игереміз деп отырмыз. Жасыратыны жоқ, ауданымызда ауылшаруашылық мамандары, оның ішінде агрономдар жетіспейді», - деді Ғанибек Қазантаев.
Шынар БЕКБАН