ӨНЕРКӘСІПТІК ҮЛГІСІНЕ ПАТЕНТ АЛЫНДЫ
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Кәсіптік оқыту» кафедрасының оқытушылары Л.Қ.Шілдебаева, З.Д.Тәжиева, Л.А.Айекеева, Н.А.Захарченко, А.Б.Амирова, сондай-ақ кафедра түлегі – магистрант Ж.Б.Махаматдинова «Иініші бар профессорлық мантия» өнеркәсіптік үлгісіне ҚР Мемлекеттік реестрінде тіркелген № 2510 патентін алды.
Авторлар профессорлық және магистрлік мантияның техникалық құжаттамасын дайындап, эскиз жасады. Модельдеу және модельдерді жобалау бойынша жұмыстар жүргізді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Иініші бар профессорлық мантия» зияткерлік меншік объектісін өзгеге беру туралы келісім-шарт жасауға дайын, делінген университеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметінде.