ДӘРІГЕРЛЕР АУЫЛДАРҒА САПАРҒА ШЫҚТЫ
Қармақшы ауданының тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша дайындық жұмыстарын түсіндіру және аудандағы елді мекендердер тұрғындарына тегін дәрігерлік көмек көрсету мен кеңестер беру мақсатында емханалық-амбулаториялық қызметі бар аудандық аурухананың ұйымдастыруымен көшпелі дәрігерлік бригада елді мекендерге сапарға шықты.
Емханалық-амбулаториялық қызметі бар аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Сақып Кенжебаева бастаған дәрігерлік бригада, құрамында эксперт-дәрігер, кардиолог, хирург, эндокринолог және ЭКГ мамандары ауданнан шалғай орналасқан Көмекбаев және Қуаңдария елді мекендерінен бастап, бергі шеті Қармақшы және Қызылтам, сонымен қатар Төретам кенті мен Ақай елді мекені тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді.
– Біздің мақсатымыз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойына өз үлесімізді қосу, сонымен бірге аудан, оның ішінде орталықтан шалғай орналасқан елді мекендер тұрғындарына алдағы уақытта елімізде енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу және аудан орталығына медициналық тексерілуге келе алмайтын азаматтарды дәрігерлік тексерулерден өткізу, кеңестер беру болып табылады,-дейді ауданның бас дәрігері Жайлыбай Құдайбергенов.