АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕ БРИФИНГ ӨТТІ
«Сыр медиа» ЖШС жанындағы орталық коммуникациялар орталығында алаяқтық қылмыстар жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Оған облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Ғани Тұрсекеев, облыстық прокуратурасы басқармасының прокуроры Ардақ, Әбдікәрімов, «Халық банк» АҚ – Қызылорда филиалының директоры Бауыржан Рахымжанов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаев, қалалық тұрғын үй инспекциясының бастығы Ерлан Бердібаев, «Каспий банк» қауіпсіздік басқармасының директоры Тен Игорь қатысты.
Қатысушылар тұрғындарды алаяқтық қылмыстардан барынша сақ болуға шақырды.
Облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Ғани Тұрсекеевтің айтуынша тіркелген алаяқтық қылмыстардың басым көпшілігі интернет желісі мен ұялы телефон арқылы іске асырылады.
«Бүгінде интернет желілері арқылы тауарлар сату кең қолданыста. Интернет желісі мен ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп-шотына ақша аударғандар саны – 71. Қарызға ақша алып, қайтармағандар саны – 34, кезексіз жер алып беру мақсатында ақша алған алаяқтардың саны - 131-ге жетіп отыр», - дейді Ғани Тұрсекеев.
Сонымен қатар, «Халық банк» АҚ – Қызылорда филиалының директоры Бауыржан Рахымжановтың айтуынша алаяқтықтың басқа да жағдайларында қылмыскерлер банк қызметкерлері атынан азаматтарды шақырып, олармен телефон арқылы байланысқаннан кейін олардың ЖСН, қауіпсіздік нөмірлерін біліп, банк картасы арқылы ақпаратқа қол жеткізеді.
«Банк клиент жайлы жеткілікті тұрғыда қажет ақпараттарға ие және қандай жағдай болмасын SMS-хаттама, телефон арқылы қоңырау шалу, төлем картасы бойынша деректерді, төлем карточкаларының ПИН-кодтарын электрондық хаттарды тарату арқылы өтінуді жүзеге асырмайды. Логин, пароль және басқа да құпия сәйкестендіру мен дербес деректері сұралмайды. Күдікті электрондық хаттамаларды алған болсаңыз, тіркелген файлдарды ашпаңыз және сілтеме арқылы өтпеңіз. Сондай-ақ ондай хаттарды өшіріп тастаңыздар», - дейді Бауыржан Рахымжанов.
Фариза ОМАРОВА