ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста ҚР ДСжӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының сақталуы бағытында атқарған жұмыстары жайлы Департамент басшысы Т.Жолымбетовтың есебі тыңдалып, Кеңес тарапынан Департаменттің жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жандандыру ұсынылды.
Одан бөлек, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Б.Байгенжеевтің және Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Р.Чагайдың тәртіптік істері қаралды.
Әдеп жөніндегі кеңес Б.Байгенжеевтің екі мәрте Инспекцияның қызметтік автокөлігін масаң күйде басқарып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын өрескел бұзғаны үшін оны атқаратын лауазымынан босатуды ұсынды.
Білім саласындағы бақылау департаментінде ұжымдық ахуалды тәртіпке келтіру және мемлекеттік қызметшілерге қатысты Әдеп кодексі талаптарын сақтау тапсырылып, басшысына «ескерту» түріндегі жаза қолдану ұсынылды.