ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанынан 2016 жылдың сәуір айында Диссертациялық кеңес құрылды. Бұл – оқу орны докторанттарына жаңадан ашылған ғылыми жол, мол мүмкіндік. Докторанттар енді алысқа бармай, өздерінің ғылыми еңбектерін өздері оқыған білім ордасында қорғайтын болды. Осындай қуанышқа ең алғашқылардың бірі болып докторант Сәбит Жарылғапов қол жеткізді. Диссертациялық кеңестің алғашқы отырысы университет тарихында қалатын елеулі сәт болды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде докторант С.М.Жарылғапов мамандығы бойынша (PhD) докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Мұнай шламын қолданып қабырға керамикасын өндірудің технологиялық параметрлерін жасау және физика-механикалық қасиетін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.
Диссертациялық кеңес 6D073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандығы бойынша Сәбит Мұратұлы Жарылғаповқа философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін тағайындауға ҚР Білім және ғылым министрлігі білім мен ғылым саласын бақылау бойынша Комитетіне ұсынуға шешім шығарды.