ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ҮШІН ГАРНИЗОНДЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы 25 қараша күні «Тағзым алаңында» полицияның кешенді күш-құралдары, жеке құрамы мен Ұлттық ұланның қатысуымен гарнизондық жиын өтті.
Іс-шараға Ішкі істер департаментінің барлық басқарма басшылары, қызметкерлері қатысып, 4 қатарда сап түзеді.
Гарнизондық жиын барысында жеке құрамды бұйрықтармен таныстырып, қызметке әзірлігі, түр-тұлғасының, қызмет атқаруы үшін қажетті қару-жарағының, қызметтік куәліктерінің ереже талаптарына сай болуы тексерілді.
Одан әрі жиын жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Полиция қатарына жаңадан қосылған жас қызметкерлер қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары Ә.Шаймағамбетов полиция қызметкерлерінің қатарын толықтырған қызметкерлерді ант қабылдауларымен құттықтап, оларға қызметте сәттілік тіледі.
Гарнизондық жиын жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі