РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА КИРИЛЛ ДЕНИСОВ 1-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
24 қарашада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен орыс этносы жастарының арасындағы «Тіл-парасат» атты қазақ тілі білгірлерінің Х республикалық байқауында облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов 1-орынды иеленді.
Республикалық байқауда облысымыздың намысын қорғаған, мемлекеттік тілімізді жетік меңгерген Кириллға алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз. Алар асуларың көп болғай.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы