АЗ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтын Есқараева брифинг өткізді.
Брифинг барысында Алтын Итенқызы биылғы жылы 66 мыңға жуық аз қамтамасыз етілген азаматтарға 2 млрд. теңгеге жуық әлеуметтік көмектер мен балалар жәрдемақысы төленгенін айтты. Әлеуметтік келісім шарттар негізінде шартты ақшалай көмек 1000-нан астам адамға 31 млн. теңгеге тағайындалған.
- Биылғы жылға «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына 6,7 оның ішінде бағдарлама бағыттарына 6,5 млрд теңге қаралған, - деді А.Есқараева. - Оның ішінде бірінші бағыт бойынша инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен 629 жұмыс орындары құрылды. Екінші бағыт кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту бойынша 435 адамға 1,7 млрд теңге несие беріліп, 367 адам өз кәсібін ашып отыр. Үшінші бағыт жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге әлеуметтік жұмыс орындарына 242 мекемеге 929 адам жолданып, 121 адам тұрақты жұмысқа орналасты, ал жастар тәжірибесіне 575 мекемеге 1221 жас маман жолданып, 295 жас тұрақты жұмысқа орналасты.
Шынар БЕКБАН