ДЕПАРТАМЕНТ ҒИМАРАТЫНДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ БІРАЗ КҮШЕЙТІЛДІ
Жемқорлық әрекеттері, соның ішінде пара беру және пара алу жағдайлары бойынша департаментте осы жылда да орын алып отыр. Жыл басынан бері облыста мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне пара ұсынудың бір фактісі, қызметкерлер тарапынан пара алудың екі фактісі орын алды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Жемқорлық әрекеттеріне бой алдыртудың жауапкершілігі» жөніндегі орынбасары Муса Қалдарбеков хабарлады.
Оның хабарлауынша, мамыр айында Қызылорда қаласы бойынша МКБ жедел тобы «Көктем» кафесінде арнаулы рұқсатсыз алкоголь өнімдерін сатц фактісін анықтап, тексеру актісін жасаған. Акт жасау барысында кафе иесі, дара кәсіпкер лауазымды қызметкерге 10000 теңге пара ұсынған. Алайда қызметкерлер бұл жайлы Ішкі қауіпсіздік басқармасын хабардар етіп пара беру барысында дара кәсіпкер ұсталды. Қызылорда қалалық сотының шешімімен ол азаматша 200000 теңге әкімшілік айыппұлға тартылды.
- Ал екінші қызметкер С.Кушпанов пара алу кезінде ұсталған. Халық тұтынатын тауарлар сататын дүкенде бақылау-касса машинасын қолданбау фактісі бойынша дара кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды жасырып-жабу үшін 25000 теңге пара алған. Нәтижесінде қылмысы әшкереленген қызметкерге 1 500 000 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлады М.Қалдарбеков. – Тамыз айында Қызылорда қаласы бойынша МКБ лауазымды тұлғасы пара алу фактісімен өз қызметтік кабинетінде қолға түскен. Қызметтік өкілдігін пайдаланып, бірнеше ЖШС өкілдерінен олардың жалған кәсіпкерлікпен шұғылдануына қорғаншылық жасап, пара алған. Осы әрекеті арқылы басқарма басшысының орынбасары Қ.Әбдіреев мемлекеттік бюджетке 64 000 000 теңге көлемінде салықтар мен төлемдерден залал келтірген.
Айта кету керек, биылғы жылдың өзінде департамент ғимаратында бейнебақылау жүйесі біраз күшейтілді. Барлық басқарма басшыларының, аудандық басқармаларды қосқанда, кабинетіне бейнекамера орнатылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерге сыйлықтар беруді болдырмау, яғни ғимаратқа кіру тәртібі қатаң бақылауға алынған.
Шынар БЕКБАН