РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» Халықаралық акция басталды. Осы күнен бастап әлемнің түрлі елдерінде әйелдерге қатысты барлық проблемаларға бағытталған және назар аудартатын 16 күндік өтеді. Аталған акцияға қатысты бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Бибігүл Үмбетова, Қызылорда қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Айнұр Жұмабаева және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов баспасөз мәслихатын өткізді.
Б.Үмбетованың мәлімдеуінше жастар денсаулығы орталығымен бірлесіп республикалық акция өз жұмысын «Бақытты шаңырақ – Бақытты ел» деп аталатын флешмобпен бастады. Акцияға белсене қатысқан волонтерлар халықты зорлық зомбылыққа жол бермеуге шақырып, «Үндемей қалма! Жол берме! Қабылдама» атты әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі және дағдарыс орталығының сенім телефондары көрсетілген жадынамаларды таратты.
Акцияның негізгі мақсаты - Әйелдерге қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру және әйелдердің өздерінің құқықтық білімін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты сауаттандыру болып табылады.
«Мемлекеттік және құзіретті органдар зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына баса назар аударады. Конституциямызға сәйкес елімізде еркектер мен әйелдер тең құқылы. Соңғы жылдары әйелдер арасындағы зорлық-зомбылықтың құрбандары бір шама азайған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 31,4 пайызға дейін төмендеді. Алайда, әйелдерге қатыстық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу еш уақытта өзектілігін жоймайды. Барлық келіп түскен шағымдар бойынша тиісті шаралар қабылданады», - дейді аға инспектор А.Жұмабаева.
Ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық кекілжіңдерден көбіне балалар зардап шегіп жатады. Осы орайда «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту» қоғамдық қорының жанынан 5 жыл бұрын құрылған «Қамқорлық» дағдарыс орталығына жыл басынан бері 45 әйел көмек сұрап келген.
«Дағдарыс орталығы 8 адамға арналғанына қарамастан кейде оған келген адамдар саны жиырмадан асады. Әйелдер мен балалар орталықта бір айдан 6 айға дейін болады. Мұнда оларға медициналық көмек пен құқықтық кеңес беріледі. Сондай-ақ, азық-түлікпен, жұмыспен қамтылып, құжаттарды қайта қалпына келтіруге көмек көрсетеміз», - дейді Ж.Тұсмағамбетов.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акция аясында барлық ауданның, қаланың мектептерінде, «Аналар үйінде», дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары кең көлемде ұйымдастырылады. Семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялары өткізіледі, жадынамалар таратылады, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар, сюжеттер көрсетілетін болады. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында және барлық аудандарда «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» билбордтары ілінді. Онда ішкі істер департаментінің және «Қамқорлық» дағдарыс орталығының сенім телефондары көрсетілген.
Фариза ОМАРОВА