ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
2016 жылдың 24 қарашасында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен №4 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде оқушылар арасында жалпыреспубликалық шығармалар байқауы болып өтті, деп хабарлады облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбындағы шығармашылық бәйгеге 7 мен 11 сынып аралығындағы 50 оқушы қатысты. Сыр бойының еркін ойлы ұландары еліміз еңсе тіктеген ширек ғасыр бедерін шығармаға арқау етті. Тағылымды шарада оқушылардың жұмысын арнайы қоғамдық комиссия сараптады.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Аман Абасилов, «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің маманы Нұрбану Нұржауқызы, «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің маманы Жаныгүл Ерекешова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының магистранты Айдана Махамбетова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Бауыржан Усенбаев болды.
Байқау нәтижесі шығарылған соң жеңімпаз оқушыларды марапаттау рәсімі Достық үйінің мәжіліс залында жалғасты.
Байқаудың қорытындысымен 7-9 сынып аралығында жоғары нәтиже көрсеткен №23 орта мектептің 8 сынып оқушысы Айдана Даукенова бірінші жүлделі орынды алды. Екінші орынды №5 орта мектептің 9 сынып оқушысы Ақбота Зарип, үшінші орынды №23 орта мектептің 9 сынып оқушысы Дамир Байбулатов иеленді.
Ал, 10-11 сынып аралығында өте жақсы нәтиже көрсеткен №4 орта мектептің 10 сынып оқушысы Жаннұр Мұсаева бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орын №233 орта мектептің 10 сынып оқушысы Диана Қайыпқа, үшінші орын №198 орта мектептің 10 сынып оқушысы Жансая Ануарбековаға берілді.
Қатарластарынан оқ бойы озық шыққан төрт оқушы Елордада өтетін байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алды. Айта кететіні, шығарма жазудан оқушылар арасындағы жалпыреспубликалық сайыстың өңірлік кезеңінде өзге этнос өкілдері белсенді қатысып, ынталандыру дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ, шәкірттерінің бойына білім нәрін сусындатып, олардың үздік нәтижелі болуына атсалысқан мектеп мұғалімдеріне де алғыс айтылды.