ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОСПАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылордада «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп жазады http://nurotan.kz.
Жиынның күн тәртібіне облыста соңғы 10 айда мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары арасындағы сыбайлас жемқорлық сипатындағы орын алған мәселелер қаралды.
Кеңес төрағасы Наурызбай Байқадамов жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес екенін атап өтті.
- Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер. Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында ауқымды заңнамалық реформалар жүргізілді. Елбасы айтқандай : «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуымыз қажет, - деді Кеңес төрағасы.
Жалпы статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың 10 айында облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатында 129 қылмыс тіркеліп, 65 азамат жауаптылыққа тартылған. Бұл қылмыстар жалпы тіркелген қылмыстардың 1,7 пайызын құрап отыр.
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұса Қалдарбековтің айтуынша есепті кезеңде «Мемлекеттік кірістер департаментінің 104 қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылған. Соның ішінде бір қызметкерге Әдеп Кодексін бұзғаны үшін атқаратын лауазымына толық сәйкес еместігі туралы, екі қызметкерге мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін ескерту жазасы қолданылған.