1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ЖАРНА ТӨЛЕНЕДІ
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жұмыс берушілер, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Әлеуметтік медициналық қорына жарна төлеуді бастайды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
Мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі ерекше санаттағы азаматтар үшін орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құрайды. Сондай-ақ, мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4 %, 2018 жылдан бастап 5%, 2023 жылдан 6%, 2024 жылдан 7% сатылай өсетін болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты бойынша босатылатын болады. Оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері», - дейді басқарма басшысының орынбасары.
МӘМС-ті енгізгеннен соң еліміздегі медициналық көмек көрсетудің деңгейі айтарлықтай өседі, сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. Сонымен қатар, халықтың тексеруден өтуіне, қажет болғанда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.
Фариза ОМАРОВА