ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
Астанада 13 қазаннан бастап «Самұрық-Қазына» ЖМҚ» АҚ «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша баспана алуға құжаттар қабылдау басталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Астанада тұрғын үй құрылысы мәселелерін шешу үшін «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы шеңберінде баспана берудің бірнеше негізгі бағыты қарастырылған. Соның бірі «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы тұрғынжайларды сату.
2014 жылы Астанада «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қала әкімдігі арқылы 678 пәтер, соның ішінде 347 екі бөлмелі (жалға - 43, сатылымға - 304), 331 үш бөлмелі (жалға - 126, сатылымға - 205) пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.
Осыған байланысты Астана қаласының әкімдігі қазан айының 13-25 аралығында құжат қабылдаудың басталғанын жариялайды.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін құжаттарды қабылдау Астана қаласы Республика даңғылы, 34 мекен-жайы бойынша орналасқан «Жастар» сарайында өтеді (дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі - 9 .00-ден 13.00-ге дейін).
Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның бұл бағыты бойынша Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жататын адамдар (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; көп балалы отбасылар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; толық емес отбасылар) қатыса алады.
Бағдарламаның бұл бағыты бойынша Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алмайды.