ГЕРМАНИЯЛЫҚ ЭКСПЕРТТЕР ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ
Германиялық екі эксперт - Михаэль Грайлих және Гюнтер Вальтер Шустердің Қызылордаға келгендегі мақсаттары «Bella Vista» мейрамханалық-қонақ үй кешені қызметкерлерін кәсіби тұрғыда машықтандыру, сондай-ақ кешеннің мәзіріне эксклюзивті тағамдарды енгізе отырып, қала тұрғындарының еуропалық асханаға деген ой-өрістерін дамыту болып табылады. «Даму» Қоры арқылы шетелдік эксперт шақыртуға болатынын естіген кешен директоры Руслан Ахметов «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, «SES-эксперттер» жобасына өтініш берді. Қор кеңесшілері «Аға эксперттер қызметі» бағдарламасының Қызылорда қаласындағы ресми өкілі болып табылатын «ПРЭКО Қызылорда» консалтингтік компаниясымен бірлесе отырып, екі неміс экспертін екі апта бойы «Bella Vista» кешені персоналының кәсіби шеберліктерін шыңдау үшін шақырды.
- Бүгінде біздің саламыздың басты қиындығы ол жақсы кадр табу, -дейді Руслан Ахметов, - мамандар өз біліктілігін арттыру үшін қайда бару керектігін білмейді, ал біздің кешенімізге келушілер күн өткен сайын ең таза, пайдалы әрі таңдаулы асты талап етуде. Алайда асхананы қайта жабдықтау – ол бір іс, басқасы- ондағы жұмысты дұрыс ұйымдастыру, сонымен қатар адамдарға күнделікті пайдаланатын азық-түліктен өзге де тағам түрлерін дайындауға болатынын көрсету. Мұның барлығы бас аспазшының міндеті, сондықтан біз шақырған эксперттерге үлкен үміт артып отырмыз.
Өңірімізге келген эксперттер Михаэль Грайлих және Гюнтер Вальтер Шустер – бұл көп жылдық тәжірибесі бар зейнеттегі мамандар.
Бұл эксперттер нағыз білім мен тәжірибе ұштасқан тұлғалар. Гюнтер Вальтер Шустер - гастрономия бойынша кеңесші, SES (Аға сеньорлар қызметі) Ассоциациясының мүшесі. Өз мамандығыңды жақсы көру және онымен өмір сүру қажет деп санайтын Гюнтер мырзаның үй кітапханасында көркем шығырамашылық туындыларын көрмейсіз, керісінше аспаздық туралы оқыған кітаптарының саны екі мыңнан асады. Оның ағасы мен жиен қарындасы мейрамхананың иелері. Бала кезінен ас дайындауды жақсы көрсен эксперттің сөзінше, мамандық алу кезінде ойланбастан кондитер болуды таңдаған. Кондитерлік шеберлікті тағам түрінде көрсету – одан қызықты не бар дейсіз?! Алайда Гюнтер мұнымен тоқтамай, жұмыс жасай жүріп, оқудан өтті. Аспаз, даяшы және мейрамхана менеджментінің дипломды маманы атанды. Сондай-ақ Германиядағы гастрономикалық мектептің емтихандық комиссия мүшесі және басшысы да болды. Қонақ үй қызметшілерінен аға эксперт халықаралық деңгейде қызмет көрсетуге дағдылады.
Екінші эксперт Михаэль Грайлихтің де асхана, мейрамхана мен гастрономия саласында 30-дан аса жұмыс өтілі бар. Ұлттық және халықаралық асхана, тағамды сәндеу өнері мен ас үйді үйлесімді ұйымдастыру саласындағы жан-жақты білімді меңгерген эксперттің тәжірибесі бизнесті дамыту мен табысқа жетуді мақсат еткен кәсіпкерлер үшін аса пайдалы болары анық. Шебер аспазшы мейрамхана мәзіріне жаңа тағамдар ендіріп, консервантсыз,бояғыш заттар қосылмаған денсаулыққа пайдалы тағамдар дайындауды үйретті.
-Маған қатты ұнағаны, компанияның ұтымды ұйымдастырылуы, басшылық пен қызметкерлер арасындағы сенімділік пен достық қарым-қатынас және демократтық өзара байланыстың оңтайлы жөнге қойылғаны байқалады. Сонтықтанда менің ойымша жақсы қарым-қатынас және татулық пен бірлескен жұмыс анық табысқа әкелер жол деп білемін. Сәтті бизнес, ең алдымен қызметкерлердің адал ісіне тікелей тәуелді,сол себепті менің ойымша қызметкерлердің құзіретін арттыруға аса көңіл бөлу керек,- деп өз ойымен бөлісті Михаэль Грайлих.
Атап өтетін болсақ, жыл басынан Қызылорда қаласына Германия елінен 14 аға эксперт келіп өз тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіпкерлер бизнестеріне шетелдік экспертті шақырту үшін «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, өтінімге компанияның мәселелері мен маманның міндеттерін көрсетеді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты әрбір кәсіпкер өз мекемесіне Германиядан кез-келген сала бойынша тәжірибелі экспертті персоналдың біліктілігін арттыруға, әлемдік тәжірибе жинақтау, жаңа бизнес бастау мен әрекет етуші бизнесті дамыту, өтімділікті арттыру мен Еуропадан құрал-жабдықтар іздеу мен тапсырыс беру сияқты басқа да мәселелер бойынша шақыртуға мүмкіндіктері бар. SES бағдарламасы тарапынан эксперттің екі бағыттағы ұшу шығыны мен виза және сыйақысы төленеді. Кәсіпкер тарапынан тек экспертті тұрғын үймен, тамақтанумен қамтамасыз етіп, тәулігіне 5 еуро ғана төлеу міндеті жүктеледі.
Аталған бағдарлама Германия мен Қазақстан арасындағы тығыз әріптестік аясында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.